Новости Казахстана и Мира

Қазақстан Теңізшевройлдағы үлесін ұлғайтуға ниетті

Қазақстан Теңізшевройлдағы үлесін ұлғайтуға ниетті

Қазақстан «Теңізшевройл»компаниясындағы үлесін арттыру мүмкіндігін қарастыруда. Бұл туралы LS-ке энергетика министрлігі хабарлады.

Министрліктің мәліметінше, бұл мәселе келісімшарттарды стратегиялық қайта қарау аясында зерттелуде.

«Бұл мәселе Қазақстанның ұзақ мерзімді экономикалық және энергетикалық мүдделеріне сай келіп, ірі мұнай-газ жобаларынан түсетін табысты әділ бөлуге бағытталған», – деп түсіндірді министрлікте.

Қазіргі уақытта Теңіз кен орнының операторы тарапымен келіссөздер басталған жоқ, ал келісімшарттарды ұзарту мен Қазақстанның үлесін арттыруға қатысты нақты шарттар әлі белгіленбеген.

Айта кетейік, қазіргі таңда ТШО-ның акционерлері: «ҚазМұнайГаз» (20%), Chevron (50%), «ЭксонМобил Казахстан» (25%), «Лукойл» (5%).

Еске салсақ, бұған дейін, президент Қасым-Жомарт Тоқаев өнім бөлінісі туралы келісімдерді ел үшін тиімді шарттарда ұзарту жөнінде жер қойнауын пайдаланушылармен келіссөздер бастауды тапсырған болатын. Бұл жұмысты екі жыл ішінде жүргізу жоспарланған.

Өз кезегінде мұнай-газ саласының сарапшысы Олжас Байділдинов LS-ке үкіметтің ірі кен орындарының операторларымен келісімге келу мүмкіндігін бағалап берді.

Источник: lsm.kz

Яндекс.Метрика