Новости Казахстана и Мира

Қазақстанда тұрғын үйді жалға алу қымбат – зерттеу

Қазақстанда тұрғын үйді жалға алу қымбат – зерттеу

Қазақстанда тұрғын үйді жалға алу Қытай немесе Оңтүстік Кореяға қарағанда қымбатырақ, деп хабарлайды LS.

Numbeo деректеріне сәйкес, Қазақстан бойынша бір бөлмелі пәтерді жалдау орташа есеппен 245,9 мың теңге. Бұл соңғы 18 айда жүргізілген талдау нәтижесі.

Бұл ретте Ресейде жылжымайтын мүлікті жалға алу орташа есеппен 182,6 мың теңге, Өзбекстанда – 211,4 мың теңге, Оңтүстік Кореяда – 226,5 мың теңге, Қытайда – 229,2 мың теңге, Түркияда – 242,2 мың теңге тұрады.

Ұлыбритания мен АҚШ-та та бағалар қазірдің өзінде жоғары – тиісінше 603,6 мың теңге және 784,2 мың теңге.

Егер тұрғын үй сатып алуды қарастыратын болсақ, жоғарыда аталған елдердің ішінен ең қолжетімді жылжымайтын мүлік Өзбекстанда. Онда қала орталығындағы 1 шаршы метр пәтер үшін орта есеппен 554,5 мың теңге төлеу қажет. Қазақстанда – 661,8 мың теңге.

Одан кейін Түркия – бір шаршы метрге 874,9 мың теңге, Ресей – 946,5 мың теңге, АҚШ – 1,5 млн теңге.

Ең қымбат тұрғын үй – Ұлыбританияда (шаршы метріне 2,8 млн теңге), Қытайда (3,2 млн теңге) және Оңтүстік Кореяда (5,3 млн теңге).

Ал ипотека шарттарына келсек,ең төменгі тұрақты мөлшерлеме Қытайда-орташа есеппен 4,59% құрайды (20 жылға). Оңтүстік Кореяда – 4,72%, Ұлыбританияда – 5,88%, АҚШ-та – 6,56%.

Несие шарттары қымбат елдер – Ресей (11,72%), Қазақстан (16,83%) және Өзбекстан (20,98%). Жылжымайтын мүлікке несие бойынша ең жоғары мөлшерлеме Түркияда – 34,8%.

Сонымен қатар, Қазақстанда орташа айлық жалақы (салықтан кейін) 268,4 мың теңгені құрайды. Өзбекстан тұрғындары айына орта есеппен 189,7 мың теңге, Ресей – 253,4 мың теңге, Түркия – 305,7 мың теңге, Қытай – 410,2 мың теңге алады.

Ай сайынғы табыс мөлшері бойынша көш бастап тұрған елдер қатарында Оңтүстік Корея – 1,1 млн теңге, Ұлыбритания – 1,3 млн теңге және АҚШ – 2 млн теңге.

Источник: lsm.kz

Яндекс.Метрика