Новости Казахстана и Мира

Алматыда төрт ірі жоба іске қосылады

Алматыда төрт ірі жоба іске қосылады

Алматыда 200 млрд теңгеден астам сомаға төрт ірі жобаны іске асыру жоспарлануда. Бұл туралы индустриялық аймақ бас директорының орынбасары Арнұр Тұяқов бөлісті, деп хабарлайды LS.

Оның айтуынша, жаңа нысандар қаланың индустриялық аймағының аумағында іске қосылып, 137 га жерге орналастырылады. Төрт ірі жобаның ашылуына инвесторлар 200 млрд теңгеден астам қаржы салады. 6 мың адам жұмысқа орналасады деп күтілуде.

Тұяқов Наурызбай ауданынан индустриалды аймаққа қағаз зауыты көшетінін айтты.

«Қала шекаралары кеңейіп, кәсіпорын шет жақта болды. Енді оны өнеркәсіптік аймаққа көшіру туралы шешім қабылданды. Шартқа қол қойылды, дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр», — деді ол.

Бұл жобаны іске асыруға 15 млрд теңге салынады. 300-ден астам жұмыс орны құрылады.

Басқа инвестор базальт негізінде жылу оқшаулағыш материалдар шығаратын зауыт салуды жоспарлап отыр. Кәсіпорынның қуаттылығы жылына 80 мың тоннаға жетуі мүмкін.

Тұяқов өндіруші соңғы технологияларды пайдалана отырып, өндірісті жолға қоюға уәде беретінін атап өтті. Нысанды іске қосуға 35 млрд теңге инвестиция салынбақ. Мұнда 300 жұмыс орны құрылуы мүмкін.

«Қазіргі уақытта компаниямен келісімшартқа қол қойылды, іздестіру жұмыстары жүргізілуде», — деп қосты ол.

Индустриалды аймақ аумағында қытайлық маркалы жеңіл автомобильдерді құрастыру зауыты да пайда болады. Қуаттылығы – 80 мыңнан астам бірлік, инвестициясы – 67,5 млрд теңге, жұмыс орындары – 1,5 мыңнан астам.

Тағы бір ірі жоба – 4 мың жұмыс орнын құрылатын логистикалық орталық. 

Сонымен қатар, өнеркәсіп аймағында құны 9 млрд теңге болатын технологиялық колледж ашу жоспарлануда. Мұнда техникалық кадрлар дайындалады.

Тұяқовтың айтуынша, барлық жобалар, екінші кезек шеңберінде индустриялық аймақ аумағын кеңейту арқасында іске асырылатын болады. Жер учаскелерін сатып алуға 7,7 млрд теңге жұмсалды. Атап айтқанда, біз 194 га туралы айтып отырмыз. Енді үшінші кезең аясында индустриялық аймақты ұлғайту мүмкіндігі қарастырылуда. Ол үшін жер учаскелеріне талдау жүргізілуде.

Источник: lsm.kz

Яндекс.Метрика