Новости Казахстана и Мира

Шымкентте тұрмыстық химия бағасы өршіп тұр

Шымкентте тұрмыстық химия бағасы өршіп тұр

Ең қымбат тұрмыстық химия Шымкент пен Таразда сатылады, деп хабарлайды LS.

Осы жылдың шілде айында еліміз бойынша 500 г кір жуғыш ұнтақтың орташа бағасы өткен жылдың сәйкес айымен салыстырғанда 14,8%-ға, 800 теңгеге дейін төмендеді.

Ұлттық статистика бюросының мәліметтері бойынша, құлдырауға қарамастан, ең жоғары бағалар Шымкентте – 893 теңге (-10,6%) және Алматыда – 878 теңге (-17,2%) сақталған.

Алайда басқа тұрмыстық химияның құны өсуде.

Сусабынның құны 7,5%-ға, 200 мл үшін 1 174 теңгеге дейін өсті, ең жоғары бағалар Алматыда – 1 386 теңге (+7,6%), Шымкентте – 1 246 теңге (+6,7%) және Астанада – 1 229 теңге (+4,6%) белгіленді.

Тіс пастасы да – 9,3%-ға қымбаттады, 75 мл үшін 1 110 теңгеге дейін. Бұл ретте ең жоғары баға Астанада – 1 252 теңге (+12%), Таразда – 1 244 теңге (+17%) және Алматыда – 1 220 теңге (+2,3%),

Сабын 9,1%-ға қымбаттады – 100 гр үшін 523 теңге. Ең жоғары баға Астанада – орта есеппен 635 теңгеден (+8,1%), Атырауда – 631 теңгеден (+9,7%) және Таразда – 603 теңгеден (+23,8%).

Источник: lsm.kz

Яндекс.Метрика