Новости Казахстана и Мира
Kwork.ru - услуги фрилансеров от 500 руб.

«Бөшкелеп аулап жатыр». Қорғалжын көлінде балық мүлде таусылып қалу қаупі бар 29 января 2024, 08:59

0 0

Қорғалжын қорығындағы көлдерден күн сайын мыңдаған автокөліктердің балықты бөшкелеп аулап жатқаны балықшылардың өзін қатты алаңдатып отыр, —

  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Подписаться на канал новостей TengriNews:
  • Google News
  • Яндекс Новости
  • Email рассылка
  • Новости
  • Новости Казахстана
  • Новости мира
  • Нашли ошибку?


"Бөшкелеп аулап жатыр". Қорғалжын көлінде балық мүлде таусылып қалу қаупі бар
                29 января 2024, 08:59

Фото: Massaget.kz / Абзал Алпысбайұлы

Қорғалжын қорығындағы көлдерден күн сайын мыңдаған автокөліктердің балықты бөшкелеп аулап жатқаны балықшылардың өзін қатты алаңдатып отыр, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Болып жатқан жағдайға куә болған балықшылардың айтуынша, Қорғалжын қорығы аумағындағы Қоқай, Сұлтанкелді, Есей көлдеріне күн сайын жүздеген көлік келіп, әр көліктегілердегі балықшылардың әрқайсысы кемінде 100 қармақтан тастайды.

"Бөшкелеп аулап жатыр". Қорғалжын көлінде балық мүлде таусылып қалу қаупі бар
                29 января 2024, 08:59

Фото: Massaget.kz / Абзал Алпысбайұлы

«Өткен боранда жол жабылып қалғанда балық аулау сап тиылып қалған. Бірақ жол ашылғаннан кейін балық аулаушылар күніне 300-500 автокөліктен ағылып көлге балық аулауға баратын болды. Тіпті, тас жолдың үстінде кептеліс болуға айналған. Балықшылардың әрқайсысында жүз-жүзден шортан аулайтын қармақтары бар. Бір күнде көл бетінен 50-100 мыңға дейін ойықтар ойылады.

Олардың әрқайсынан жемтігін жаңартып отырып 2-3 шортаннан аулады деген күннің өзінде қанша балық пен шабақтың ауланып жатқанын есептей беріңіз. Бөшкелеп тасып жатыр. Көпшілігі мұны тіпті кәсіп етіп алған. Қорыққа кірген әр адам 2 мың теңгеден төлесе болды. Олар қармақпен аулай ма яки аумен балық аулай ма оған назар да салмайды. Яғни, балық мүлде таусылып қалу қаупі бар. Сондықтан балық аулауға республика бойынша 12 ай мораторий жариялап, сол аралықта өзен-көл жағалағандарға қомақты айыппұл салуды ұсынамын», — дейді елордалық балықшы Еркеғали Бейсенов.

Бұл мәселеге орай Ақмола облысының орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясынан пікір білдіруін өтіндік. Ведомство басшылығы да қорықта заңға сәйкес бақылаудың тиісті түрде жүргізілмейтіндігін мойындады.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Источник: tengrinews.kz

Kwork.ru - услуги фрилансеров от 500 руб.
Яндекс.Метрика