Новости Казахстана и Мира
Kwork.ru - услуги фрилансеров от 500 руб.

«Бас айналу, бас ауыру». Дәрігер жер сілкінісінің адам ағзасына әсері жайлы айтты 23 января 2024, 15:07

0 0

Алматыда жер сілкінісі болды. Кей адамдар жер сілкінісі кезінде және одан кейін басы айналғанын айтса, біреулер басының ауырып тұрғанына шағымданды.

  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Подписаться на канал новостей TengriNews:
  • Google News
  • Яндекс Новости
  • Email рассылка
  • Новости
  • Новости Казахстана
  • Новости мира
  • Нашли ошибку?


"Бас айналу, бас ауыру". Дәрігер жер сілкінісінің адам ағзасына әсері жайлы айтты
                23 января 2024, 15:07

Фото:depositphotos.com

Алматыда жер сілкінісі болды. Кей адамдар жер сілкінісі кезінде және одан кейін басы айналғанын айтса, біреулер басының ауырып тұрғанына шағымданды. Мұндай кезде денсаулық жағдайы жағынан кімдер қауіп тобына жатады? Жер сілкінісі адам ағзасына қалай әсер беруі мүмкін? Бұл сұрақтарға Massaget.kz тілшісіне қазақстандық терапевт Маржан Әбдіғалиева жауап берді.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Бұл құбылысқа гипертониямен (жоғары қан қысымы) қиналатын адамдар сезімтал келеді, алайда сау адамдардың өзі әлсіздік сезініп, басы ауыруы немесе айналуы мүмкін.

«Жалпы жер сілкінісі десе, бірден ойымызға үрей келіп түседі. Ең алдымен жер сілкінісі қандай аймақтарда болатынына тоқталып өтейін. Оның сейсмикалық активті аймақтарда, яғни осы Алматы облысы секілді елді-мекендерде болу қаупі жоғары. Сондықтан мұндай аймақтарда өмір сүретін адамдар, соның ішінде артериялық қан қысымы, жүрек ауруы, жүрек-қан тамырлары аурулары бар адамдар жер сілкінісінің әсері жайлы білуі керек. Мұндай адамдар жер сілкінісі болмаған кезде де ауа райына тәуелді келеді. Мысалы, олар күн бұлтты, ауа-райы құбылмалы болған кезде өздерін жайсыз сезінуі мүмкін: қан қысымдары көтеріліп жатады. Ал енді жер сілкінісі кезінде оларда қандай өзгерістер болуы мүмкін? Ең алдымен үрей пайда болады, содан соң қан қысымы көтеріледі. Ал кей адамдарда бас ауыруы, жүрек айну, құсу секілді қосымша жағымсыз белгілер пайда болуы мүмкін», — дейді терапевт Маржан Әбдіғалиева.

Маман қауіп тобына жататын адамдар мұндай кезде не істеу керегін түсіндірді.

«Егер сіз артериялық қан қысымы бойынша есепте тұрсаңыз, өзіңіздің жергілікті емханаңыздағы дәрігерлермен және медициналық қызметкерлермен үнемі байланыста болуыңыз қажет. Сондай-ақ қан қысымына арналған гипотензивті препараттарыңызды үнемі жаныңызда ұстап, емдеуші дәрігер белгілеген мөлшер бойынша үзбей ішіп отыру керек және мұндай дәрілерді алдын ала «дабыл жолдорбасына» салып қою керек. Жер сілкінісі болады немесе болып жатыр деген хабар естіген бойда барынша сабырлық сақтауға тырысып, жер сілкінісі кезінде істеу керек қадамдарды орындаңыз. Қауіпсіз жерге барған соң седативті препараттарды (тыныштандыратын дәрілерді) қабылдап, осы кезеңді барынша қолайлы етіп өткізу маңызды. Егер қол астыңызда өзіңіздің ішіп жүрген препаратыңыз болмаса, кез келген дәріханада сатылатын аспирин (500 мг) таблеткасының жартысын тіл астына салуға кеңес берер едім», — дейді дәрігер.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Источник: tengrinews.kz

Kwork.ru - услуги фрилансеров от 500 руб.
Яндекс.Метрика