«Әлі ерте, еркелік қой». Логопед бала тілінің кеш шығуына не себеп болатынын айтты 16 января 2024, 15:39
Баланың тілі неге кеш шығады? Мұндай жағдайда неге назар аудару керек? Баланы қай жастан мамандарға көрсету керек? Massaget.kz тілшісі бұл туралы
- ПОДЕЛИТЬСЯ
- Подписаться на канал новостей TengriNews:
- Google News
- Яндекс Новости
- Email рассылка
- Новости
- Новости Казахстана
- Новости мира
- Нашли ошибку?
- Выделите ее и нажмите Ctrl + Enter
Фото: depositphotos/belchonock Баланың тілі неге кеш шығады? Мұндай жағдайда неге назар аудару керек? Баланы қай жастан мамандарға көрсету керек? Massaget.kz тілшісі бұл туралы логопед Аяулым Бақытовамен сұхбаттасты. Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар. «Жүсіпбек Аймауытұлының айтуынша, бала шыр етіп жерге түскенде дыбыспен бірге туады. Сәби кішкентай кезінен бастап, өзінің қажеттілігін дыбыстар арқылы жеткізеді. Ал ол өсе келе, дыбыстан сөйлеу деңгейіне жетеді. Бала 2 жасқа дейін уақытының 85 пайызын анасымен бірге өткізеді», — дейді ол. Логопед маманның айтуынша, 1 жастағы бала кемінде 10-15 сөзді, 2 жастағы бала 300-дей сөзді анық айтып, ал 3 жастан кейін еркін сөйлей алуы керек. «Анасы осы уақыт аралығында баланың әріптерді анық айта алуына алғашқы көмекші адам ретінде септігін тигізеді. Егер баланың 3 жасқа дейін тілі анық шықпаса, ата-ана баланы тиісті мамандарға көрсеткен жөн. Өкінішке қарай, кейбір ата-ана 3 жасқа дейін баласы сөйлемесе де, «әлі ерте, бала ғой, тілі шығып кетеді, еркелік қой» деп алаңсыз жүре береді. Алайда бұл оның алдағы уақытта ойлау қабілетіне белгілі әсерін тигізуі мүмкін. Себебі сөйлеу мен ойлау қабілеті бір-бірімен тығыз байланысты», — дейді Аяулым Бақытова. Маман сөзінше, бала тілінің дамуында тежеліс немесе сөйлеу белсенділігінің болмауы көп жағдайда қоршаған ортаның әсерінен де болады. Бала тілінің кеш шығуы әртүрлі себептерге байланысты: Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар. Источник: tengrinews.kz