Балаларға қол көтерген педагогтер мәселесі қалай шешіледі? Министрлік жауап берді 03 октября 2023, 09:29
Биыл елімізде балабақша өзекті мәселелердің біріне айналды. Қанша мемлекеттік, ал қанша жекеменшік балабақша бар? Мемлекет балаларға қатысты
- ПОДЕЛИТЬСЯ
- Подписаться на канал новостей TengriNews:
- Google News
- Яндекс Новости
- Email рассылка
- Новости
- Новости Казахстана
- Новости мира
- Нашли ошибку?
- Выделите ее и нажмите Ctrl + Enter
Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов Биыл елімізде балабақша өзекті мәселелердің біріне айналды. Қанша мемлекеттік, ал қанша жекеменшік балабақша бар? Мемлекет балаларға қатысты зорлық-зомбылық мәселесін қалай шешіп жатыр? Балаға қол көтерген педагогтерге қандай жаза қолданылады? Massaget.kz тілшісі бұл мәселе бойынша Мектепке дейінгі білім беру департаментіне сауал жолдады. Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар. Елімізде қанша балабақша бар? Ұлттық білім беру дерекқор базасының мәліметіне сәйкес, биыл 22 қыркүйек бойынша елімізде 11 308, оның ішінде 5 591 мемлекеттік, 5 717 жекеменшік мектепке дейінгі ұйым мектепке дейінгі жастағы балаларға тәрбие мен білім беріп келеді. Балаларға қатысты зорлық-зомбылық мәселесі қалай шешіліп жатыр? Балаларға қатысты зорлық-зомбылық пен қатыгездіктің алдын алу бойынша жүйелі жұмысты ұйымдастыру үшін мынадай норматив-құқықтық шаралар қабылданған: «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғау, білім беру, ақпарат және ақпараттандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы қабылданды. Балаға қол көтерген педагогтерге қандай жаза қолданылады? Педагогтің міндеті, оның педагогикалық әдепті сақтауы білім саласындағы заңнамада белгіленген. «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңында педагогтік әдептілік заңдылық, адалдық, жауапкершілік, жеке адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеу қағидаттарына негізінделетіні белгіленген. «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңында (45-бабы) оқыту-тәрбиелеу процесі барысында тәрбиеленушінің өмірі мен денсаулығына жауапкершілік білім беру ұйымының басшысына жүктелген. Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар. Источник: tengrinews.kz